«Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 63 Қаулысы (2025.10.06. берілген өзгерістермен)

Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 63 Қаулысы

(2025.10.06. берілген өзгерістермен)

 

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2025.28.05. № 58 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2025.28.05. № 58 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Амангелді ауданының әкімі

Т. Карбозов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.